Саясат
1 мин оқу 323

Жер телімдеріне қатысты тергелуде

<p style="text-align: justify;">Түркістан қаласын дамыту шеңберінде мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алу кезінде 33,5 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатының жымқырылғанын Түркістан қаласының прокуратурасы анықтады.</p>

Жер телімдеріне қатысты тергелуде

Мемлекет мұқтажы үшін 6 жер телімінің иеліктен шығарылған өтеуі ретінде аталған соманы 2019 жылы қала әкімдігі жекелеген тұлғаларға төлеген. Алайда прокурорлық талдаулар бары­сын­да аталған жер телімдерінің бір бөлі­гіне меншік құқығы мүлдем тіркел­ме­гені, ал екінші бөлігі жалған құжат­тар­дың негізінде рәсімделгені анықталды.

Яғни «Жер кодексі» мен «Мем­ле­кеттік мүлік туралы» заң талаптарына сәйкес (алынуға жататын жылжымайтын мүлікті) жергілікті атқару органының лауазымды тұлғалары жер иелігіне құқық куәландыруын бере­тін құжаттарды мұқият тексермей, жыл­жы­майтын мүліктерді тізімге қосу арқылы аталған жерлер үшін 33,5 млн теңгеге өтемақыны заңсыз төлеген.

Прокуратураның ден қою актісі негі­зінде заңсыздықтарға жол берген қала әкімінің осы салаға жауапты орын­басары Т.Мұсаевқа «Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілді. Соны­мен қатар заңсыз құ­қық­тық куәландыруды беретін құжат­тардың  күшін жоюға және келтірілген залал­ды өтеуге тиісті шаралар қолда­нылуда.

Бұдан бөлек, жинақталған құжаттар негізінде Қылмыстық кодекстің 366-бабына сәйкес (лауазымдық өкілет­тіктерді теріс пайдалану) Түркіс­тан қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:
Жер телімдеріне қатысты тергелуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар