Қоғам
1 мин оқу 384

Алматының екі ауданында суық су өшіріледі

<p style="text-align: justify;">Ертең Алматы қаласының екі ауданында уақытша суық су болмайды. Бұл туралы <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;"Алматы су" компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.</p>

"Алматы су" компаниясының мәліметіне сәйкес, 27 тамызда сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Жетісу ауданындағы Айнабұлақ-4 ықшамауданы аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.

"Суық сумен жабдықтау қызметі бойынша шектеулер енгізу магистральдық желілерге жаңа су құбырларын қосу үшін қажет", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ 27 тамызда сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Әуезов ауданындағы Западная, Вишневая, Грушовая, ықылас, Таугүл-3 ықшамауданы көшелеріндегі тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.

Бөлісу:
Алматының екі ауданында суық су өшіріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар