Ертіс ауданының тұрғыны тракторды мас күйде басқарған
<p style="text-align: justify;">2020 жылғы 25 тамыз күні сағат 11:30 шамасында Ертіс ауылының маңында Т-40 тракторы тоқтатылды. Жүргізуші тракторды масаң күйде басқарған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
"Көлікті аудан орталығының 1974 жылы туған тұрғыны басқарған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес механизатор тракторды мас күйінде басқарған", дейді департаментте.
Ұсталған тракторшыға қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді. Ер адам 15 тәулік қамауға алынып, 7 жыл жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні полицейлер 29 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, оның ішінде жетеуі – жол қауіпсіздігі және 22-сі қоғамдық қауіпсіздік фактілеріне қатысты.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.