Қоғам
1 мин оқу 200

Алматылық әскери қызметшілер қайырымдылық көмек көрсетті

<p style="text-align: justify;">Білім күні қарсаңында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жеке құрамы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға қолдау көрсетіп, мектеп жасындағы балаларға&nbsp; көмек көрсетті, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> РЭжБӘИИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Алматылық әскери қызметшілер қайырымдылық көмек көрсетті

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің жетекшісі Сымбат Жүнісованың айтуынша, биыл алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бес балаға әскери қызметшілердің демеушілігімен мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды.

Бұл қайырымдылық акциясы болғаннан кейін әр әскери қызметші көмекке мұқтаж балаларға өз шама-шарқынша көмек қолын созды, бірі дәптер, сөмке, енді бірі қағаз, қарындаш сияқты оқуға қажетті құралдарды алып берді, - деп атап өтті ол.
Әселдің отбасы толық емес, жалғыз асыраушысы – анасы. Сондықтан мұндай көмек олар үшін үлкен көмек.

Қай жағынан көмек берсе де біз үшін ол үлкен қуаныш. Жағдайымызды ескеріп, көмек берген жандарға айтар алғысым шексіз, - дейді жалғызбасты ана Гүлмира.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты түрлі қайырымдылық жобаларынан қалыс қалған емес. Көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларға, ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсетуден бөлек балалар үйіндегі мүгедек балаларға да демеушілік көрсетіп келеді.

Бөлісу:
Алматылық әскери қызметшілер қайырымдылық көмек көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар