Тағайындау
1 мин оқу 545

Атырауда департаментке жаңа басшы келді

<p style="text-align: justify;">ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес Асылбек Хамзеұлы Шаров Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды.</p>

Атырауда департаментке жаңа басшы келді

Асылбек Хамзеұлы 1983 жылы 11 наурызда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентнде дүниеге келген. 2006 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын дәрігер-гигиенист, эпидемиолог мамандығымен бітірген. Сондай-ақ, 2016  жылы Казақстанның Мемлекеттік құқықтық университетінен құқықтанушы мамандығын алған.

Еңбек жолын 2006 жылы Жаңаөзен қалалық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы болып бастаған. 2006-2011 жылдары Маңғыстау облыстық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бас маманы болған.

2011-2012 жылдары Қарақия ауданы бойынша МСЭҚ басқармасының, 2012- 2014 жылдары   Жаңаөзен қаласы бойынша МСЭҚ басқармасының, 2014-2017 жылдары Жаңаөзен қалалық ТҚҚ басқармасының, 2017-2018 жылдары Жаңаөзен қалалық ҚДС басқармасының, 2018-2019 жылдары Түпқараған аудандық ҚДС басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

2019- 2020 жылдары Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, биылғы қаңтар-маусым айларында Шетпе селосының әкімі болған. Осы тағайындауға дейін Маңғыстау облыстық ТКҚСҚБ департаментінде бөлім басшысы болып жұмыс істеген.

Бөлісу:
Атырауда департаментке жаңа басшы келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар