Аймақтар
1 мин оқу 711

Атырауда 33 отбасы жаңа пәтер алды

<p style="text-align: justify;">Конституция күні қарсаңында 33 отбасы жаңа қонысқа көшіп, қуанышқа кенелді. Жаңа пәтерлер Атырау қаласындағы "Нұрсая"&nbsp; ықшам ауданында бой көтерген 9 қабатты тұрғын үйден берілді. Баспана алғандардың дені &ndash; 2013 жылдан бері тұрғын үй кезегіне тіркелген көпбалалы отбасылар, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Атырауда 33 отбасы жаңа пәтер алды

"Бұл –  "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жалға берілген пәтерлер. Аталған бағдарлама аясында жыл басынан бергі 8 айда жаңа баспана алған отбасылардың саны 257-ге жетті", деді Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Рафхат Жолдиев.

4

Оның айтуына қарағанда, жыл аяғына дейін тұрғын үй кезегінде тұрғандарға жаңа пәтерлер беріледі. Сондай-ақ, апатты жағдайдағы жатақханалардың тұрғындары да жаңа мекенге көшіріледі.

Бөлісу:
Атырауда 33 отбасы жаңа пәтер алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар