Аймақтар
1 мин оқу 910

Атыраулықтың несие картасын Ақтөбе тұрғыны пайдаланған

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, Мақат аудандық полиция бөліміне арызданған әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның несие картасынан ақша алыпты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атыраулықтың несие картасын Ақтөбе тұрғыны пайдаланған

"1994 жылы туған азаматша несие картасын жоғалтқанын мобильді телефонына ақша шешілгені туралы хабарлама келгенде бір-ақ білген. Оның несие картасымен бірге пин-код нөмірі қағазда жазулы болған. Мақат аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іс шаралар кезінде күдікті Ақтөбе облысының тұрғыны екені анықталды. Қазір 40 жастағы азаматшаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", деп хабарлады департамент бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев

Оның мәліметінше, биылғы жыл басынан бері Атырау облысында интернет-алаяқтықтың 400-ге жуық дерегі тіркеліп отыр. Алаяқтық қылмыстардың 150-ден астамы ашылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылыпты.

Бөлісу:
Атыраулықтың несие картасын Ақтөбе тұрғыны пайдаланған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар