Үкімет
1 мин оқу 362

Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

<p style="text-align: justify;">Премьер-Министр Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.</p>

"Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің тарихындағы айтулы оқиға — Қазақстан Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын! Басты Заң Қазақстан Республикасының зайырлы, құқықтық және унитарлық мемлекет ретіндегі негіздерін бекітіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрақтылығының берік іргетасына айналды. Мемлекетіміздің сенімді конституциялық негізі құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға барлық қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Барша қазақстандыққа зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық пен табыс тілеймін!  

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Асқар Мамин".


Бөлісу:
Асқар Мамин қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар