Аймақтар
2 мин оқу 340

Бақылау күшейтілгені жөн

<p style="text-align: justify;">Біздің елдің жолдарында ауыр жүктер таситын автомобильдер көп жүреді. Олар техникалық көрсеткіштерінен асыра жүк тиеп, жолға түсетін қысымды арттыра түседі. Солардың кесірінен миллиардтаған теңгеге салынған жолдар тез бұзылады.</p>

Бақылау күшейтілгені жөн

Көліктерге артылатын жүк салмағына қатысты талап заң­мен бекітілген. Бірақ со­ған қа­рамай ауыр жүк таситын ма­шиналар шамадан тыс жүк­тер­ді ала береді. Жолдар не­гі­зінен осы себептерден бүліне бас­­тайды. Әсіресе, облыстағы ка­рьерлерден инертті материалдарды тасымалдайтын ауыр салмақты көліктер жолды тез бұзады. Сондықтан еліміздегі Көлікті бақылау инспекциясы олардың жолға шамадан тыс салмақ түсірмеуін қатаң бақылауы керек.

Жуырда Солтүстік Қазақ­стан облысының Көлікті ба­қы­лау инспекциясының бастығы Руслан Сейталин мен Индус­трия және инфрақұрылым­дық даму министрлігі Көлік коми­те­ті­­нің ахуалдық сарапшы­сы Сұл­тан Мұсағалиев журна­лис­терге брифинг өткізіп, осы мәселелердің облыста ба­қы­ла­­нуы барысы туралы айтып бер­ді. Р.Сейталин өзінің баян­да­масында 2020 жылдың 7 айын­да облыста барлығы 2893 ав­токөлік құралы тексеріліп, оларда анықталған заң бұзу­шы­лықтар фактілері бойын­ша инспекция қызметкерлері 31 млн теңге айыппұл салу туралы 413 әкімшілік материал тол­тыр­ғанын жеткізді.

«Көлік заңнамасын бұзу бойынша тамыз айында ғана 55 әкімшілік материал жазыл­ған. Негізгі бұзушылықтар – та­­сы­мал­даушылар мен жүк жө­нел­тушілердің жүктерді рұқсат етіл­ген салмақтық параметр­лер­­ден асырып жіберуі болып отыр», деді ол. Сонымен қа­тар Р.Сейталин өз сөзінде жүк автокөліктерінің жүруін ба­­қылауды күшейту және тә­жірибе алмасу мақсатында Сол­­түстік Қазақстан облысына Көлік комитеті ахуалдық ор­­талығының мобильді тобы­ның құрамынан сарапшы Сұл­­тан Мұсағалиев келгенін жә­не оның қатысуымен болған рейд­­тік іс-шаралар туралы айт­­­ты.

Көлік комитетінің ахуал­дық сарапшысы С.Мұсағалиев кө­ліктік бақылау органдары осы жылдың алғашқы жар­ты­жыл­дығында еліміз бойынша бар­лығы 11543 әкімшілік құқық бұ­зушылықты анықтағанын, оның ішінде 1744-і салмақ­тық параметрлердің шамадан тыс асып кетуіне байланыс­ты екенін, солардың 800-ден астамында іс карьерлік аударғыштардың тасымал­дау­шыларына қатысты қоз­ғал­ғанын жеткізді. «Қазір кө­ліктік бақылауды жүзеге асы­рудың, атап айтқанда, авто­кө­лік құралдарын өлшеуді жүр­гізудің ашықтығын қам­та­масыз ету мақсатында кө­ліктік бақылау бекеттері өлшеу нәтижелері туралы деректерді Көлік комитетінің ахуалдық орталығына автоматты түрде беру функциясы бар таразы жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ 2019 жыл­дың 14 шілдесінен бас­тап қыз­меткерлердің автомо­биль кө­лігі саласындағы көліктік ба­қылауды жүзеге асыру ке­зінде Ахуалдық орталыққа онлайн-режімде бейнедерек­терді беру функциясы бар 102 бірлік бей­не­жетондарды қолдануы енгі­зілді», деді С.Мұсағалиев.

Көлік бақылау инспек­­ция­сы­ның міндеті зор. Егер осы қызмет өздерінің міндетін тиім­­ділікпен атқаратын болса, жол­­дардың бұзылуы да азаяр еді. Ал ол миллиардтаған теңге бюд­жет қаражатын үнемдеуге жол ашады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Бақылау күшейтілгені жөн · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар