Қазақстан
1 мин оқу 1,270

31 тамызға арналған ауа райы болжамы

<p>Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p> <p>&nbsp;</p>

Синоптиктердің хабарлауынша, елдің тек оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте – дауыл, найзағай, тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Түркістан облысында найзағай күтіледі. Атырау, Ақтөбе облыстарының, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында, Түркістан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды ​​облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
31 тамызға арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар