Әлем
1 мин оқу 1,251

Сауд Арабиясы ашқан мұнай-газ кен орындары қанша өнім береді?

<p style="text-align: justify;">Сауд Арабиясының Энергетика министрі Абдель Азиз бен Сальман елдің солтүстігінде екі жаңа мұнай және газ кен орнын ашқанын жариялады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Хадат әл-хаджра газ кен орны Эль-Джауф провинциясында табылды. Оның айтуынша, конденсатқа бай газ мұнда күніне 16 миллион текше фут көлемінде келеді. Абрак әл-Талул мұнай-газ кен орны Иракпен шекаралас Солтүстік провинцияда ашылған.

Бен Сальман атап өткендей, жеңіл Араб премиум-мұнайы кен орнынан күніне 3,189 мың баррель көлемінде мұнай өндіреді. Дәл осы жерден күніне шамамен 1,1 миллион текше фут газ өндіруге болады. Сондай-ақ, сол кен орнындағы тағы бір ұңғыма тәулігіне орта есеппен 2,4 миллион текше фут береді.

Бөлісу:
Сауд Арабиясы ашқан мұнай-газ кен орындары қанша өнім береді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар