Жаңалықтар
1 мин оқу 221

Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім табылды

<p style="text-align: justify;">Шымкентте үйінен шығып, хабарсыз кеткен жасөспірімді полиция қызметкерлері тауып, туыстарына қайтарды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz&nbsp;</a>хабарлайды.</p>

28 тамыз күні Қаратау аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын жасөспірім баласының сағат 16:00 шамасында белгісіз бағытқа үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы арызданған. Жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде 29 тамызда сағат 7:30 шамасында жасөспірім табылып, туыстарына қайтарылды. Олар өз кезегінде тәртіп сақшыларының жедел жұмысы үшін алғыс білдірді.

Бөлісу:
Шымкентте жоғалып кеткен жасөспірім табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар