Қоғам
1 мин оқу 351

Әлеуметтік пәтер кілттері тапсырылды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда &laquo;Нұрлы жер&raquo; мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік пәтерлер кілті тапсырылды. Жаңа тұрғын үй кешенінде 250 пәтер бар. Олар Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі салымшылары мен кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік осал топтары) арасында бөлінеді.</p>

Әлеуметтік пәтер кілттері тапсырылды

«Құрылыс саласында қолжетімді тұрғын үй салу өте маңызды. Елбасы қа­былдаған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­дарламасына сәйкес жыл сайын мың­даған отбасы көптен күткен баспаналарын алады. Мемлекет басшысының тап­сырмасы бойынша биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе өсті, бұл 8 мыңнан астам пәтер: сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй және тұрғын үй кезегінде тұрған Тұр­ғын­үйқұрылысжинақбанкінің салым­шылары. Пәтерлерді кезекке сәйкес үлестіреміз. Әлеуметтік тұрғын үй әлеу­меттік осал санатқа арналған, бұл ерек­ше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар, жетім балалар, толық емес отбасылар, зейнеткер­лер, ҰОС ардагерлері, көпбалалы отба­сылар және т.б. Келесі аптаның соңын­да тағы мың әлеуметтік пәтерді тап­сырамыз», деді қала әкімі Алтай Көл­гінов.

Сонымен қатар ол «Қазақстандық ипотекалық компаниясымен» бірге қолжетімді баспана алушылар санаты кеңейтілгенін атап өтті.

«Осы бағдарлама бойынша әлеу­меттік қызметкерлер, медицина қыз­мет­­кер­лері, мұғалімдер, полицейлер, мәде­ниет және спорт қызметкерлері пәтер алуға өтініш бере алады. Аптап ыстыққа, жаңбыр мен аязға қарамай жұмыс істейтін құрылысшыларымызға ерекше алғыс айтамыз. Әрқайсыңызға амандық, денсаулық және табыс тілей­мін. Қоныс тойларыңыз құтты болсын!» деді елорда әкімі.

«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибра­ги­мова биыл соңғы 8 айда 5 мың банк салымшысы өз үйлерін алғанын жеткізді.

Бөлісу:
Әлеуметтік пәтер кілттері тапсырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар