Саясат
1 мин оқу 450

Екі күнде 8,5 мың тұрғынға кеңес берілді

<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев &laquo;Жолдағы қабылдау&raquo; республикалық акциясын ұзартуды тапсырды. Акцияның алғашқы екі күні ішінде 8,5 мың адам кеңес алды.</p>

Екі күнде 8,5 мың тұрғынға кеңес берілді

Тәжірибе көрсеткендей, жүгінген әрбір бесінші адам армениялық нөмірі бар авто­көлік құралын тіркеу тәр­тібіне қызығушылық таныт­ты. Оның ішінде 840-тан ас­там адам көлік құралдарын рәсімдеу бойынша кеңес ал­ды. Қазір бұл ең өзекті мәселе болғандықтан, көптеген тілек білдірушілердің барлық сұрақ­тарына мүмкіндігінше жауап ала алатындай етіп, азаматтарға жағдай туғызып, акцияны жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Әлеуметтік желілерде ішкі істер органдары бөліністері­нің ресми аккаунттарында жарты мыңнан астам тіке­лей эфир өткізілді. Полиция қызмет­кер­лері 3,7 мың сұраққа жа­уап берді. Сондай-ақ азаматтар «қауырт желі» телефондарына хабар­ласып, 450 кеңес алды.

Нәтижесінде «Жолдағы қабылдау» акциясының 2 кү­нінде Армения Респуб­ли­касы­нан әкелінген 900-ден астам автокөлік тіркелген. Соны­мен қатар тұрғындар­ды әкім­шілік айыппұл төлеу, жүргізу­ші куәлігін беру және басқа да мәселелер қызық­тырды.

Бөлісу:
Екі күнде 8,5 мың тұрғынға кеңес берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар