Экономика
1 мин оқу 483

Президент экономиканың 7 бағытын атады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикалық бағыты 7 негізге сүйену қажетін айтты. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Президент экономиканың 7 бағытын атады

"Экономика халықтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс істеуі тиіс. Ұлттық табыстың өсуінен әлеуметтік лифтіні тиімді қолданып, пайданы тең бөлуге қоғамдық ұсыныстың өсуі оң шешімін табуы тиіс. Сондықтан еліміздің жаңа экономикалық бағыты басты 7 принципке негізделуі тиіс", деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, игілік пен міндетті тең бөлу, жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі, жаңа кәсіпкерлерге арналған нарықты қалыптастырып, әділ бәсекелестікке жағдай жасау – негізгі бағыттар қатарына кіреді.

Сондай-ақ өндірісті арттырып, күрделі әрі технологиялық экономикаға иек арту; адам капиталын дамытып, инвестиция мен білімнің жаңа түрін қалыптастыру; экономиканы жасылдандырып, қоршаған ортаны қорғау; мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдап, қоғам алдында сол үшін жауап беруін қамтамасыз ету – басымдықтар қатарына кіреді.

Бөлісу:
Президент экономиканың 7 бағытын атады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар