Аймақтар
1 мин оқу 1,910

Атырауда алып қортпа балығы ауланды

Бекіре тұқымдас бағалы балықтың бірі – қортпа. Кеше, 31 тамызда "Амангелді" атындағы өндірістік кооперативтің балықшылары үлкен олжаға кенелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда алып қортпа балығы ауланды

Олар кіші Дамбы тартымынан салмағы 118 келілік қортпаны ауға түсірді. Ілуде бір кездесетін алып қортпа "Жайық-Атырау" бекірешабағын өсіру зауытына тапсырылды. Енді аталған зауыттың мамандары су маржанының жынысы мен жасын анықтайды.

"Әлемде бекіре тұқымдас бағалы балық түрлері "Қызыл кітапқа" енгізілген. Сол себептен, табиғи қоры азайған мұндай балықтар тек ғылыми-селекциялық бағытта ғана ауланады", - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бөлісу:
Атырауда алып қортпа балығы ауланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар