Аймақтар
1 мин оқу 260

Алматыда балаларға арналған тегін домбыра мектебі ашылды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың Жетісу ауданында ашылған балаларға арналған домбыра мектебінің жұмысымен танысты. Қала басшысының Instagram парақшасында жарық көрген ақпарат көпшіліктің назарын аударды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда балаларға арналған тегін домбыра мектебі ашылды

Алматылықтарға тән қасиеттің бірі — әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейде болуы. Жетісу ауданында кәсіпкерлер өз қаражатына балаларға арналған тегін домбыра мектебін ашты. Қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтіруге Сәкен Мейірбеков көмек көрсетсе, бөлмелерді жабдықтау шығынын Айнұр Жұмаш өз мойнына алған.

Сабақ санитарлық қауіпсіздік талаптар жағдайында өткізілетін болады. Домбыра мектебінде қалалық Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа қабылданған Құрманғазы атындағы консерваторияның түлектері ұстаздық ететін болады.

Бөлісу:
Алматыда балаларға арналған тегін домбыра мектебі ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар