Алматы еріктілері 1,5 мыңнан астам отбасына көмектесті
<p style="text-align: justify;">Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында "Jas Otan" жастар қанатының Алматы қалалық филиалының жетекшісі Мәди Ахметов еріктілердің 1,5 мыңнан астам отбасына көмектескендігін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда партия мүшелері "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетуде.
"Бір жарым мыңнан астам алматылық отбасыға планшеттер, кеңсе тауарлары бар рюкзактар, веб-камералар және тағы басқалар беріледі. Партия мүшелері қайырымдылыққа бөлінген ақшаның көп бөлігін оқушыларға компьютерлік техника сатып алуға жұмсады. Планшеттер, Ноутбуктер, веб-камералар. Алматылық жасотандықтар барлық сақтық шараларын сақтай отырып, байланыссыз заттардың жеткізілуін қамтамасыз етеді", - деп атап өтті М.Ахметов.
Акцияны жүзеге асыру үшін "Еріктілер корпусы" жобасы аясында, МК Jas Otan-ның 50-ден астам еріктілері оқып, даярлықтан өтті.
Сонымен қатар, Алматылық жасотандықтар қала әкімдігінің Білім басқармасымен бірлесіп, 15 қыркүйекке дейін мұқтаж отбасылардың балаларына планшеттер мен ноутбуктерді жеткізуге көмектесетін болады.
Алматы