Жаңалықтар
1 мин оқу 293
Жоғалып кеткен 3 жасар бала аман-есен табылды
<p style="text-align: justify;">Шымкентте жоғалып кеткен үш жасар бала табылды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> хабарлайды.</p>
29 тамыз күні сағат 19:30 шамасында Әл-Фараби ауданында үш жасар бүлдіршін іс-түссіз жоғалып кеткен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Асқаров көшесі Акация аялдамасы маңында ата-анасының қарауынсыз жүрген бүлдіршінді байқайды.
Баладан аты-жөнін сұрағанда ол жауап бере алмағандықтан, оны №13 учаскелік полиция тірек пунктіне жеткізген. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары Ұлттық Ұлан сарбаздарымен бірге баланы ата-анасына аман-есен табыстады.
Бөлісу: