Аймақтар
1 мин оқу 242

Алматыда жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Алматының жылу беру маусымына дайындығы туралы өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://baq.kz/news/othernews/almatyda-zhylu-beru-mausymyna-dayyndy-zh-rip-zhatyr-/">baq.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Алматыда жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр

"Қала басшылығының тапсырмасына сәйкес, Алматыда біраз ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның ішіндегі негізгісі – қыс мезгіліне дайындық. Жылу маусымына дайындық аясында қазіргі таңда жөндеу, құрылыс, жаңарту жұмыстары жүргізілді. Қаладағы энергокешеннің дайындығы – 88%, жылу желілерінің дайындығы – 85%. Желілерді қысқа дайындау барысында біз ол желілерді алдымен сынап көреміз. Осы тексеріс барысында маусым айынан бастап 353 ақау табылды. Оның бәрі қайта қалпына келтірілді. Ал, тамыз-қыркүйек айларының қосымша сынау жұмыстары барысында 270 ақау табылып, оның 260-ы қайта қалпына келтірілді", - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, қаладағы газ, су,электр желілерінің дайындығы ойдағыдай.

"Газ желілері 100%-ға, электр желілері – 82%-ға, су беру желілері – 99%-ға, кәріс жүйесі – 94%-ға дайын. Сонымен қатар, қаламыздағы екі қазандық - "Алматы электр станциялары" АҚ - 72%-ға, "Алматы. Теплокоммун энерго" АҚ бойынша дайындық көлемі 76%-ға дайын тұр. Ал, қала бойынша 444 білім басқармасы мекемесі бар, олардың  қыс мерзіміне дайындық көлемі 97%, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы мекемелер саны 135, бұлардың дайындығы 82%. Көпқабатты үйлердің дайындығы 92%. Бұл бүгінгі қыркүйектің басындағы бекітілген фактілер", - деді Масабаев.

Бөлісу:
Алматыда жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар