COVID-19: Жапондар жаңа медициналық бетперде ойлап тапты

Жапониядағы Киото Өнер университетінде COVID-19-дан қорғайтын жаңа тұмша ойлап табылғаны жайлы Kyodo агенттігінің хабарын REGNUM таратты.

Тұмшаның ерекшелігі сонда, оны таққан адам ауру жұқтырамын деп қорықпастан тамағын да іше береді дейді. Ол қалай деген сауал туатыны рас қой. Дизайнерлер тапқырлығы сонда, тұмшаны желпуіш тәрізді етіп жасауында. Қатты қағаздан жасалған тұтқаға бекітілген, төрт бұрышты етіп керілген қорғаныш қабаты бар тұмшамен ауыз бен мұрынды қалқалап, тамақ ішуге де, әңгімелесуге де болады, бұл адамдардың қалыпты тірлікке көшуіне көмегін тигізеді, деп есептейді оны ойлап табушылар.
Жоба авторы Масако Сасаки «Біз SARS-CoV-2тудырған қолайсыздықты азайтып, жаңа базалық этикетті Киотодан бастап орнатқымыз келеді», деген ойын айтыпты. Алайда бұл тұмша адамның қол қимылын шектеп, ыңғайсыздық тудырады деген пікірді ұстанушылар бар көрінеді.
Жаңа тұмшаны 20 адам тестілеуден өткізгенде қолданушылар өздерін аурудан қорғану тұрғысынан жақсы сезінгенін айтыпты.