Әлем
1 мин оқу 314

UWW желтоқсан айында президент сайлауын өткізеді

<p style="text-align: justify;">Желтоқсан айында Біріккен күрес әлемінің (United World Wrestling, UWW) президент сайлауы өтеді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;хабарлайды.<br /><br /></p>

Ұйымның басшысы қызметіне үміткер жалғыз. Ол – бұл міндетті қазір де атқарып отырған Ненад Лалович.  Ал UWW бюросы мүшелігіне талас қызу өтпек. Қазіргі өкілдер (Марина Ди Буссоло Пелликоне (Италия), Педро Гама Фильо (Бразилия), Михаил Мамиашвили (Ресей), Фуад Мескут (Марокко) және Ахролджан Рузиев (Өзбекстан) жұмысын одан әрі жалғастыру үшін бәйгеге түседі. 

Әзірге UWW бюросындағы бір орын бос тұр. 2020 жылдың мамырында болгариялық Цено Ценов қайтыс болған еді. Әзірге, ұйым мүшелігіне үміткерлер тізімі төмендегідей:  Лусио Канева (Италия), Дэниел Игали (Нигерия), Ян Карснак (Словакия), Дина Харенко (Украина), Марко Корпела (Финляндия), Эдишер Мачаидзе (Грузия), Дон Райан (Канада), Хамид Сорян (Иран), Джонни Самбрано (Эквадор).

Бөлісу:
UWW желтоқсан айында президент сайлауын өткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар