Аймақтар
2 мин оқу 341

Қайраткер рухына құрмет

<p style="text-align: justify;">Арал қаласындағы №262 мектеп-гимназиясы ауласына көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тәуелсіз еліміздің алғашқы Премьер-Министрі Ұзақбай Қарамановтың мүсіні қойылды. Белгілі тұлғаға ел құрметін танытатын шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.</p>

Қайраткер рухына құрмет

Қайраткер есімі білім ошағына биылғы наурыз айында берілген болатын. Осыдан кейін облыстық бюджеттен қажыр-қайратын ел­дің өркендеуіне арнаған аза­мат­тың мүсінін әзірлеуге қар­жы бө­лініп, ол Қазақстан Рес­пуб­ликасы Мәдениет және спорт ми­­­нистрлігі жанындағы мемле­кеттік комиссия келісімін алды.

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев­тың құттықтау хаты оқылды. Об­лыс әкімі Гүлшара Әбдіқа­лы­қова Аралдан шығып, Алашқа та­нылған елдің ұлының рухын ұлықтау кейінгілерге парыз еке­ні­н атап өтті.

1

– Ұлы адамдардың өмір жо­лы ұрпақ үшін әрқашан өнеге. Тәуелсіз Қазақстан Респуб­ли­­­ка­сының тұңғыш Премьер-Ми­нистрі қызметін атқарған Ұзақ­бай Қараманов ағамыздың елдік мүддені жоғары қойған қайраткер болғаны қай буын үшін де үлгі. Жұртына адал қыз­мет етіп, II дәрежелі «Барыс», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен және түрлі жоғары дәрежедегі медальдармен марапатталған Ұзақбай Қараманұлы жұрт жадынан өш­пейтін тұлға, – деді облыс әкімі.

Аудан тұрғындары мен қай­рат­кермен үзеңгілес азаматтар, ізбасар інілері жиылған ша­рада Мәдениет және спорт ми­нистрі Ақтоты Райымқұлова, Қа­зақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, ар­дагер-журналист Шәкірат Дәр­мағамбетов лебіз білдірді.  

Осыдан кейін қонақтар Ұзақ­бай Қарамановтың жеке заттары мен ол туралы жазылған еңбектерден жасақталған  қоғам­дық музей жұмысымен та­нысып, «Бастау» кәсіби қо­ғам­­дас­тық кабинетінде үздік оқу­шы­ла­рымен кездесті.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарованың айтуынша, қайраткер есімін иеленген, 1200 орындық №262 мек­­теп-гимназиясы 2009 жылы пай­далануға берілген. Ұжым­да 106 пе­дагог бар. Өткен оқу жылының өзінде 8 мұ­ғалім республикалық идеялар фес­тивалі мен форумдарда, 21 мұ­ғалім облыстық деңгейдегі се­ми­нарлар мен конференцияларда іс-тәжірибесін таратыпты. Биыл білім ошағынан ҰБТ-ға қа­тысқан 24 түлектің 22-і мем­лекеттік білім грантын иеленген.

ҚЫЗЫЛОРДА

Бөлісу:
Қайраткер рухына құрмет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар