Саясат
1 мин оқу 140
СІМ басшысы Иранның Қазақстандағы Елшісін қабылдады
<p style="text-align: justify;">Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Маджит Самадзадэ Саберді қабылдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кездесу барысында әңгімелесушілер саяси және сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.
Екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың даму динамикасы атап өтіліп, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту және нығайту ұстанымы расталды.
Сонымен қатар, аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Бөлісу: