Жаңалықтар
1 мин оқу 632
ГЕРМАНИЯ ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ
Таяуда Өскемендегі облыстық Пушкин атындағы кітапханада “Қазақстандағы Германия жылы – 2010” аясында “Қазіргі Германия” атты көрменің салтанатты ашылуы болып өтті. <!--more-->Оған еліміздегі Германия елшілігінің кеңесшісі Вольфганг Берт және Қазақстан халқы Ассамблеясы ШҚО бөлімшесінің меңгерушісі Еркінбек Аязбаев, қала әкімінің орынбасары Асқар Нұрғазиев қатысты.
Көрмеден екі ел арасындағы мәдени-достық шараларды насихаттайтын фотосуреттерді тамашалап, құнды мақалаларды оқуға болады. Кітапхана директоры Хабиба Ақжігітова келген қонақтарға өздері атқарып жатқан істер жайлы да айтып берді.
Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.
Бөлісу: