Аймақтар
1 мин оқу 2,731
Жол ережесін бұзған жүргізушіден есірткі табылды
<p style="text-align: justify;">Екінші қыркүйек күні патрульдік полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолының Қазалы ауданы тұсында жол ережесін бұзған автокөлікті тоқтатты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Автокөлік жүргізушісі 33 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында ереже бұзған жүргізушіден қағазға оралған есірткі алынды.
Бүгінгі күні күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Бөлісу: