Экология
1 мин оқу 801

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы өзгереді

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 4 қыркүйекке сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі. Сол түстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/скүтіледі.

4-6 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/скүтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін күшейеді.

4 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.Күндіз төтенше өрт қаупісақталады.

Қостанай облысының солтүстіктен жел соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Бөлісу:
Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы өзгереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар