Қоғам
1 мин оқу 720

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

<p style="text-align: justify;">"Қазгидромет" РМК 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Синоптиктердің хабарлауынша, дүйсенбі күні Ақтөбе қаласында ауа сапасы нашарлайды деп күтілуде. Сондай-ақ түнде Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында да метеожағдай нашарлайды. Еліміздің қалған қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады", делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар