Теннис
1 мин оқу 380
Юлия Путинцева ширек финалға шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ ашық біріншілігінің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комититетінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Төртінші айналымда ол хорватиялық Петра Мартичтен 6:3, 2:6, 6:4 есебімен басым түсті. Екеуара кездесу 2 сағат 30 минутқа созылды. Айта кетерлігі, Путинцева енді ширек финалда әлемнің 41-ракеткасы америкалық Дженнифер Брэйдимен кездеседі.
Бөлісу: