ҚАЖД қызметкерлері қан тапсыруды парыз санайды
<p style="text-align: justify;">Дені сау адамға қан тапсыру арқылы қиын жағдайдағы жанға көмек көрсету – азаматтық парыз. Наурыз айында індет жағадан алып, қарбалас күшейген шақта Маңғыстау "Қан орталығында" қан тапшылығы сезіліп әбігерге салған болатын, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Індетпен ғана емес, өзге де қажет еткен адамдарға көмек деген оймен Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ГМ-172/10 мекемесі жеке құрам қызметкерлері қан тапсырды. Мекемеде бұл үрдіс дәстүрге айналған.

Қан тапсырған қызметкерлердің ішінде сирек кездесетін қан тобының (4 +) иесі де бар.
– Біздің қанымыз өзгенің қажетіне жарап, өмірін құтқаруға көмектессе, ол біз үшін үлкен қуаныш. Сондықтан қан тапсырудан бас тартпаймыз және мұны біз жыл сайын тұрақты қайталанатын үрдіс ретінде қалыптастырдық, – дейді мекеме қызметкері А.Әбдіраш.