Жаңалықтар
2 мин оқу 525

«Достық үйіне» –5 жыл

Облыс орталығындағы «Достық» концерт залында әртүрлі ұлт өкілдерінің бірлестіктерін бір шаңырақ астына жинаған «Достық үйінің» 5 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Онда құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Ерлан Арын «Достық үйінің» атына заты сай орталық екенін айтты.

2008 жылы «Достық үйінің» ашылу рәсіміне Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын.   

Облыс орталығындағы «Достық» концерт залында әртүрлі ұлт өкілдерінің бірлестіктерін бір шаңырақ астына жинаған «Достық үйінің» 5 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Онда құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Ерлан Арын «Достық үйінің» атына заты сай орталық екенін айтты. 2008 жылы «Достық үйінің» ашылу рәсіміне Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын.  
Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсембай Жетпісбаевтың айтуынша, атауы мәнді бұл үйдің ел бірлігі мен татулығын арттыру, ұлттар достастығын жалғастыру бағыттарындағы қызметі үлкен рөл атқарып келеді. Бұл күндері этномәдени бірлестіктердің саны 21-ге жетіп отыр. Еліміздегі бірлікті сақтаудағы әртүрлі ұлт өкілдерінің игі қызметін Ассамблеяның облыстағы алғашқы төрағасы Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің жастар қанаты жалғастыруда. Бұл мектепте 600-ге жуық өзге ұлт өкілдерінің ұл-қыздары қазақ тілін және өз тілдерін меңгереді.

Сонымен қатар, «Достық үйінде» 26 ән-хор, 3 фольклорлық, 19 би және 3 аспаптық шығармашылық топтар жұмыс істейді. Жылына 300-ге жуық шара ұйымдастырылады. Биылғы жаңалығы – 5 жылдық мерейтойға арнап «Достық шаңырағында» атты газет шыға бастады. Екі айда бір рет жарық көретін әрі 500 дана болып шығатын газет тегін таратылады.

Туған күн мерекесіне Көкшетау, Талдықорған, Өскемен, Ақтөбе, Қостанай, Шымкент, Астанадан қонақтар келді. Ақтөбе қаласындағы «Достық үйінің» директоры Роза Беркешева павлодарлық әріптестерінің еңбегіне сәттілік тіледі. Шара барысында «Салт-дәстүрлер» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Оған «Достық үйінің» суретшісі Рүстем Әнуарбековтің 20-ға жуық суреті қойылды. Фотосуретшінің туындыларынан ұлттық құндылықтар, ұлттар достығы тақырыбы көрініс тапқан. Туған күн мерекесінде облыстағы келісім және сыйластықты нығайтуға үлес қосқан «Достық үйінің» қызметкерлері және этномәдени бірлестіктер басшылары марапаттарға ие болды. Соңынан этномәдени бірлестіктер «Елім менің» атты концерт қойды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.

Бөлісу:
«Достық үйіне» –5 жыл · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар