Зейнеткер бейне жазбаның жаңа түрін ойлап тапты
Астана қаласында тұратын зейнеткер Рафаил Сұлтанов жаяу жүргіншілер үшін бейнежазба жабдығын ойлап тапты. Өзінің айтуынша, мұны автокөліктегі регистраторды қайта жасап шығу арқылы өмірге келтірген. Ал жаңа жабдық қалтаға да, дорбаға да салып жүруге қолайлы көрінеді.

«Қаншама жол-көлік оқиғаларының себептері бейнерегистратордың көмегімен анықталып жүр. Оның жазбаларын басқа мақсаттарда да пайдаланып, қылмыстарды ашып тұруға болады. Ендеше, неге сондай жабдықты жаяу жүргіншілер үшін де жасамасқа?», дейді жаңалық иесі.
Р.Сұлтанов ойлап тапқан құрылғының негізгі бөлігі бөлек дорбада ұсталады екен де, объективі оның белдігіне қондырылады. Зейнеткердің айтуынша, адам жүріп келе жатқанда, иығы аса көп қозғалысқа түсе бермейді. Бұл дорбаның белдігіне ілінген түсірілім құралының қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Ал бейнерегистратор аккумуляторының күші үш сағатқа дейін жетеді. Осының өзі қаланың бір шетінен екінші шетіне барып қалуға молынан жетіп жатыр.
Қазір зейнеткер өнертапқыш жаңалығына патент алу қамында жүр.
Қайрат ҚОЖАНАЗАР.