Жаңалықтар
2 мин оқу 213

Клуб мүшелерінің байқауы

Жуырда елордада Ұлт­тық академиялық кітап­ханада «Ғылыми-тех­ни­калық прогресс және оның әлеуметтік салдарла­ры» атты тақырыпта «Са­мұ­рық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Экс­перт» клубының отырысы болып өтті. Оған мем­лекеттік органдар мен өндірістік компаниялар, сондай-ақ қоғамдық ұйым­дар өкілдері келіп, өз пікірлерін ортаға салды. Басқосуды аталған клуб жетекшісі Нұрлан Ерімбетов жүргізіп отырды.

Жиында еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес республикада өндірістің жаңа технологиялары мен инновация­ларын енгізу бойынша шаралар өткізіліп жатқаны айтылды. Сондай-ақ, «Эксперт» клубының жетекшісі Н.Ерімбетов аталған бағдарламаның көптеген сұрақтарды тудыратын және жеке талқылауды талап ететін кері жақтары да жоқ еместігін алға тартты. Ол өндірістердің жаңа түрлерін енгізу, жабдықтарды және өзге де жаңа технологияларды компьютерлендіру жұмыс орындарын мәжбүрлеп қысқартуға алып келмей ме, бұл жер-жерлерде қалыпты әлеуметтік ахуалды тұрақсыздандыруға әкеліп соқпай ма деген сынды өзге де мәселелерді жиылған жұртшылыққа ұсынды. Бас­қосуға келген өкілдердің кей­бірі бұл ретте жаңа техноло­гия­лардың әсерінен адам саны­ның қысқаруы болғанымен, саланың өзге де жұмыстары жетерлік екенін және алдағы уақытта оларға мүмкіндігінше басқа да жұмыстар қарасты­ры­латындығын айтты. Сонымен қатар, олар БАҚ өкілдерінің бірқатар сұрақтарына жауап берді.

«Егемен-ақпарат».

Бөлісу:
Клуб мүшелерінің байқауы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар