Тағайындау
1 мин оқу 500

Қостанай облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетовтың өкімімен облыстық &nbsp;ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бибігүл Бүркітқызы Аққожина тағайындалды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz.</a></p>

Қостанай облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бибігүл Аққожина 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін "Психология" мамандығы бойынша, 2016 жылы Халықаралық бизнес университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын жоғарғы оқу орнында психология пәнінің оқытушысы болып бастап, кейінгі жылдары облыстық мемлекеттік қызмет істері басқармасының жетекші және бас маманы, бөлім басшысы, орынбасар, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Бұған  дейін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымында болды.

Бөлісу:
Қостанай облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар