Әлем
1 мин оқу 185

Болгарияда туристік автобус өртенді

<p style="text-align: justify;">Болгария астанасының маңындағы "Фракия" тас жолында туристік автобус өртенді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://tass.ru/proisshestviya/9395463">ТАСС</a> агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Болгар ұлттық теледидарының хабарлауынша, оқиға түн ортасында автобус Софиядан Ыстамбұлға бара жатқан жолда болған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"Жолаушылар - Түркия азаматтары, олар сәтті эвакуацияланды. Алайда олардың жүктері толығымен өртеніп кетті. Автомагистраль бойымен қозғалыс бірнеше сағатқа тоқтатылды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр", делінген хабарламада.

Бөлісу:
Болгарияда туристік автобус өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар