Жаңалықтар
4 мин оқу 453

Жол қауіпсіздігі шаралары күшейеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел жолдарындағы қауіпсіздік, ол қауіпсіздікке тікелей жауап беретін Ішкі істер министрлігінің тиісті қызметтерінің жұмыс жүйесін жетілдіру мәселелеріне тоқталып, бірқатар сын-ескертпелер айтқан еді. Міне, Президенттің осы тап­сыр­маларының аталған ведомство тарапынан қалай, қандай деңгейде орындалып жатқандығына байланысты бұрнағы күні Орталық коммуникациялар қызметіне Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха, Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев, Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Валерий Петров және Денсаулық сақтау вице-министрі Эрик Байжүнісов келіп, журналис­тер алдында өз ойларымен бөлісті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел жолдарындағы қауіпсіздік, ол қауіпсіздікке тікелей жауап беретін Ішкі істер министрлігінің тиісті қызметтерінің жұмыс жүйесін жетілдіру мәселелеріне тоқталып, бірқатар сын-ескертпелер айтқан еді. Міне, Президенттің осы тап­сыр­маларының аталған ведомство тарапынан қалай, қандай деңгейде орындалып жатқандығына байланысты бұрнағы күні Орталық коммуникациялар қызметіне Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха, Көлік және коммуникация вице-министрі Мереке Пішембаев, Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Валерий Петров және Денсаулық сақтау вице-министрі Эрик Байжүнісов келіп, журналис­тер алдында өз ойларымен бөлісті.Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасының алға қойған міндеттерінің орындалу барысымен таныстыру үшін алғашқы болып сөз алған Алтай Әбибуллаев Елбасының отырыста айтылған орынды сын-ескертпелеріне тоқталып өтті. Сонда Мемлекет басшысы 2012 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 2145 адам, ал осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 2273 адам жол апаттарынан көз жұмғанын жеткізді. Қазақстанда өлімнің орын алуы бірінші орында жүрек қан тамырлары ауруларының салдарынан болатын болса, екінші орында жол-көлік апаттарынан ел азаматтары көз жұмуда, деп баса айтты. Міне, осындай жағдайларға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне тиісті жұмыс жүйесін жетілдіру және мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Ал ел жолдарындағы қауіпсіздік барысы кешенді әрі көпсалалы мәселе және бұл тек Ішкі істер министрлігінің құзыреті мен жауапкершілігінде ғана емес, жол апатының салдары көп қырлы болып келеді. Оған қазақстандық автокөлік жолдарының техникалық ахуалы, заманауи заңнамалар, жолдардың ыңғайлылығы, көлік иелерінің көлік жүргізу мәдениеті, автокөліктің техни­калық жағдайы, барлық жол қозға­лы­сына қатысушылардың жолда жүру ережелерін біліп, сақтауы жатады. Бұған қоса жолдардың заманауи техникалық құралдармен жабдықталуы және «қауырт сағат» қағидаты бойынша жол апатына душар болған адамдарға уақтылы жедел жәрдем көрсете білу керек. Сонымен қатар, бұған басқа да маңызды факторлар осы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, еліміз азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіншілік беретіні белгілі. Осыған орай Үкімет ел жолдарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын осы уақытқа дейін қалай орындауда, аталған сын-ескертпелерден кейін қандай шешім қабылдап, қай бағытта пайдалы іс-қимылдар жасалуда деген секілді басқа да сұрақтарға жоғарыда қатысушылар жауап қайтарды.

Алдымен сөз алған Ішкі істер ми­нистр­лігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін көптеген жаңа шаралар қолға алынып жатқанын жеткізді. Соның бірі жолдардағы бақылаудың күшейтілгені болып табылады. 21-27 қазан аралы­ғында «қауіпсіз жол» ауқымды про­фи­лактикалық іс-шара өткізілді. Оған әкім­шілік полиция бөлімдерінің барлық күші мен құралдары тартылған екен.

Сонан осы профилактикалық іс-шара өткізу барысында 54 378 жол ережесін бұзушылықтың алды алынды. Оның ішінде, көлікті мас күйінде жүргізген 1 307 дерек анықталды. Сол сияқ­ты 563 адам көлікті жүргізуші куә­лігінсіз басқарған. Тіпті бұрын заң бұзу­шылықпен ұсталып, көлікті жүргізу құқы­ғынан айырылса да 214 адам көлік­ке отырған. Осы бір аптаның ішін­де жылдамдықты шектен асырған 10705 адам ұсталған. Ал 1488 көлік иесі өзгелердің өміріне қауіп төндіріп, жолдың қарсы жағына шығып кеткен. Жүргізуші өзінің жеке бас қауіпсіздігі үшін белдікті тағыну қажет болса да, оны 7869 адам мүлде тақпаған, сол сияқты, көлік терезесі әйнегін тұмшалауға болмайтыны туралы заңда жазылса да, оған 625 адам пысқырып та қарамаған. Ал көлікті жүргізіп келе жатып ұялы телефонды 30768 адам пайдаланған екен. Көліктің техникалық жағдайы қандай екенін тексертпеген 2071 дерек тіркеліпті. Жаяу жүргіншілер де жол ережелерін бұзудан қалысар емес, сондай жаяу жүргіншілер жіберген 4055 ереже бұзушылықтың жолы кесілді.

Қазіргі күні әкімшілік және жол полициясы бөліністерін одан әрі реформалау жүргізілуде. Енді қоғамдық тәртіпті қорғауды, оның ішінде жол қауіпсіздігін «әмбебап полицейлер» қағидаты бойынша жұмыс істейтін жол-патрульдік полициясының жаңадан құрылған, яғни біріктірілген бөліністері қамтамасыз ететін болады. В.Лепеханың айтуы бойынша, оңтайландыру есебінен қала сыртындағы трассалардың қауіпті аймақтарын бақылап жүрулері үшін ол маңайға қосымша 500-ден астам полицейлер жіберу жоспарланған. Олар ТЖМ және дәрігерлік-құтқару қызметтерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін болады. «Талапты күшейту керек. Рөльге мас күйінде отырған жүргі­зуші – ол біле тұра қылмысқа барған адам. Ондайларды қатал жазалау керек, заңдарды қатайту керек» – деген Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «Жол қозғалысы туралы» жаңа заң жобасы жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға қатысты жауапкершілікті барынша қатайтып отыр. Мәселен, көлікті жүргізіп келе жатып, ұялы телефонмен сөйлескен жүргізуші үш мәрте ұсталса, жарты жылға көлікті басқару құқығынан айырылады. Жылдамдықты 40 км/сағ. асырса, 9 ай мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылады. Егер қарама-қарсы бағытқа шығып кетсе, бір жылға көлік жүргізу құқығынан бірден айырылады.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Бөлісу:
Жол қауіпсіздігі шаралары күшейеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар