Президент
1 мин оқу 8,030
Елбасы «Нұр Отан» төрағасын қабылдады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Елбасы мемлекет құрудың бастапқы кезеңінен бергі даму жолында «Нұр Отан» партиясының атқарған рөлі мен еңбегіне тоқталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне партияның белсене атсалысып келе жатқанын, оның халық алдындағы беделінің және этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.
М.Құл-Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі жұмысы туралы да баяндады. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу: