Жаңалықтар
4 мин оқу 291

Өткен ғасыр басындағы жоба іске асты

Шарайна

Түркияның аса ірі мегаполисі – Ыстамбұл қаласының еуропалық және азиялық бөліктерін жалғастыратын жерасты туннелі іске қосылды. Оның ұзындығы 14 шақырымды құрайды және әлемдегі ең терең туннель болып табылады. Ол 55 метр тереңдікте қазылған.

Енді туннель ішімен жүретін пойыз арқылы күніне 1 миллион 200 мың жолаушы тасымалданады деп күтілуде.

Шарайна

Түркияның аса ірі мегаполисі – Ыстамбұл қаласының еуропалық және азиялық бөліктерін жалғастыратын жерасты туннелі іске қосылды. Оның ұзындығы 14 шақырымды құрайды және әлемдегі ең терең туннель болып табылады. Ол 55 метр тереңдікте қазылған.

Енді туннель ішімен жүретін пойыз арқылы күніне 1 миллион 200 мың жолаушы тасымалданады деп күтілуде.1920-жылдары ойға алынып, енді ғана жүзеге асырылған, ғасыр жобасы деп айдар тағылған туннельдің ашылуына Түркия президенті Абдулла Гүл мен премьер-министр Режеп Тайып Ердоған қатысты. Сөйтіп, Босфор үстіне салынған көпір кептелегі аздап болса да азайып қалды. Бірақ туннель бұл проблеманы түпкілікті шешпейді. Сондықтан автомобильге арналған туннель мен тағы бір көпір салу көзделіп отыр.

26 палестиналық бостандыққа шықты

Израиль билігі ел тұрғындарына қатысты ауыр қылмыстары үшін өмір-бақи түрмеге отыруға қамалған 27 палестиналықтың 26-сын бостандыққа шығарды. Бұл екіжақты уағдаластыққа сәйкес жасалды. Енді бұл қадам екі ел арасындағы бітімгершілік келіссөздерін жалғастыруға алғышарт жасайды деп күтілуде.

Израиль үкіметінің бұл шешімі жергілікті тұрғындар тарапынан жаппай наразылық туындатып отыр. Олардың айтуларынша, израильдіктердің қанын жүктеген қарақшыларға бостандық ешқандай жағдайда берілмеуі тиіс. Осы аралықта Палестина жағы түрмеден босатылғандарды ұлттық батырлар ретінде зор қошеметпен қарсы алды. Көпшіліктің қуанышын Палестина автономиясының басшысы Махмұд Аббас бөлісті. Бұл қуаныш қаншаға созылар екен?

АҚШ Еуропаны жау көргені ме?

Еуропа елдерінің серкелері ғана емес, қарапайым адамдардың телефон арқылы әңгімелерін де жаппай тыңдаған АҚШ барлау қызметінің әрекеттері кәрі құрлық тұрғындары тарапынан жаппай наразылықтар туғызып отыр. Осы мәселенің анық-қанығына жету мақсатында Еуропарламенттің үш депутаты бүгінде Америкаға келіп жетті.

АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры Джеймс Клэппер мұндай әрекет тек қауіпсіздік үшін жасалғанын көлденең тартып, ақталуда. Бірақ мұндай ақталу жауабы еуропалықтар тарапынан оң қабылданбайтыны айтпаса да түсінікті. Осылайша, Құрама Штаттар ең жақын одақтасы болып табылатын Еуропаның өзінен жау іздейтін сыңайлы. Еуропарламент депутаттарының бұл мәселеде не нәрсеге көз жеткізетіні әзірше белгісіз.

Сегіз күдікті іздестіріліп жатыр

Қытай астанасы – Пекин қаласының орталығындағы Тяньаньмэнь алаңында болған жол-көлік оқиғасына қатысы бар деген күдікпен 8 адам іздестірілу үстінде. Соңғы мәліметтерге қарағанда, іздеу жарияланған сегіздің жетеуі – ұйғырлар. Бұл туралы «Ассошейтед пресс» агенттігі хабарлады.

Ұйғыр ұлтының өкілдері негізінен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районының тұрғындары екен. Сондай-ақ, полиция төрт автокөлік пен бір мотоциклге іздеу жариялапты. Тергеудің басқа егжей-тегжейі туралы ештеңе айтылмайды. Бұған дейін полиция екі ұйғыр азаматын іздестіріп жатқаны туралы хабарланған еді. Олардың алдыңғы сегізге қатысы бар-жоғы тағы белгісіз. Аталған алаңдағы 5 адамның өліміне соқтырған оқиға 28 қазан күні орын алған.

Фергюсонның өмірбаяны – рекордшы

Футбол жаттықтырушысы Алекс Фергюсонның автобиографиясы Ұлыбританияда нон-фикшн жанрындағы кітаптар саудасының рекордын жаңартты. Дүкенге түскен алғашқы аптада-ақ 115 мың 547 дана кітап сатылған. Осылайша, футбол жаттықтырушысының кітабы Делии Смиттің «Ас қалай әзірленеді. Үшінші бөлімі» кітабының жетістігін басып озды.

Аталған мерзімде ұлыбританиялық оқырмандар Фергюсонның автобиографиясына 1,4 миллион фунт стерлинг жұмсаған. Кітап саудасының жалпы сомасы бір апта ішінде 30,7 миллион фунт стерлингке жеткен. Ал 1999 жылы жарық көрген Смитт кітабының алғашқы аптада 112 мың данасы сатылған екен. Үшінші орында бұрынғы премьер-министр Тони Блэрдің мемуарлары тұр. Оны алғашқы аптада 92 мың оқырман сатып алып оқыпты. Төртінші орын атақты аяқдоп шебері Дэвид Бекхэмнің (86 мың дана) автобиографиясы еншісінде.

Жол апатынан көз жұмғандар көп

Үндістанда кеше ертеңгісін туристер мінген автобус жанармай таситын жүк көлігімен соқтығысып қалды. Полицияның дерегінше, көлік апаты салдарынан 44 адам опат болған. Автобус Бангалор қаласынан шығып, Хайдарабад қаласына қарай бағыт алса керек.

Туристер мінген автобус аса жоғары жылдамдықпен келе жатып, жанармай тасушы жүк көлігіне соғылған. Соқтығыс салдарынан жанармай құйылған цистерна жарылып, артынша өрт басталған. Авария кезінде барлық жолаушылар ұйқыда болса керек. Өйткені, сағат таңғы 5 болатын. Оқиғаның Андхра-Прадеш штатында орын алғанын да айта кетейік. Отқа оранған автобустан терезесін сындырып шыққан бес адам ғана аман қалған. Соның бірі – автобус жүргізушісі қамауға алынды.

Бұл – Америкадағы әдеттегі жағдай

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Гринвуд қаласындағы бір үйден полиция алты адамның өлігін тапқан. Олардың төртеуі ересек адамдар болса, екеуі бала көрінеді. Бұл туралы кеше «Ассошейтед пресс» агенттігі ақпарат таратты. Алдын ала болжам бойынша, қанішер бес адамды атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған.

Күдікті 27 жастағы жергілікті тұрғын Брайан Суэтт делініп отыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнына өзіне-өзі қол жұмсамақ ниетіндегі ер адамның телефон шалуынан кейін жеткен. Олар келгенше, Суэтт өзін-өзі атып үлгеріпті. Полицияның болжамы бойынша, мұндай қантөгіске үйдегі ұрыс-керіс себеп болған сыңайлы. Бұған үй ішіндегі мүліктердің жан-жаққа шашылып жатқаны, ыдыс-аяқтың сынғаны да меңзейтіндей.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.

Бөлісу:
Өткен ғасыр басындағы жоба іске асты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар