Жаңалықтар
3 мин оқу 400

Атан жілік, ай мүйіз балуандар бәсекесі аяқталды

Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында еркін күрестен мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған ересектер арасындағы халықаралық турнир өтті.

Жарысты еліміздің Спорт және денешынықтыру істері агенттігі, грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы, облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасы және облыс еркін күрес федерациясы ұйымдастырды.

Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында еркін күрестен мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған ересектер арасындағы халықаралық турнир өтті.

Жарысты еліміздің Спорт және денешынықтыру істері агенттігі, грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы, облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасы және облыс еркін күрес федерациясы ұйымдастырды.

Халықаралық бәсекеге Моң­ғолия, Грузия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, АҚШ, Канада, Беларусь елдерінің балуандары мен қазақ мықтылары да қатысып, олар 55, 60, 66, 74, 84, 96 және 120 кг. салмақ дәрежелерінде күш сынасты.

Дүбірлі доданың қорытын­дысында 55 кг. салмақ дәреже­сіндегі I орын – Бехбаяр Ердемебат (Моңғолия), II орын Хуреш-Ол Дондук-Ол (Ресей), III орындар Бердақ Пырымбаев (Қазақстан) пен Георгий Едишерасвилиге (Грузия) бұйырды. Ал 60 кг. салмақ бойынша I орынды ресейлік балуан Виктор Лебедев, II орынды қазақ Руслан Сексенбаев, III орындарды өзбек Мұхаммадсидик Джураев пен қазақ Саятбек Оқа­сов иеленді. Сондай-ақ, 66 кг. салмақтағы I орынды – Ыхтияр Наурызов (Өзбекстан) жеңіп алды. Ал II орынға өзіміздің Аза­мат Өміржанов қол жеткізді. Жүлделі III-орынды ресейліктер Александр Захарушкин мен Менги Мортуй-Ол бөлісті.

Жанкүйерлер тағатсыздана күткен бәсеке 74 кг. салмақ дәре­­­жесінде болды. Өйткені, бұл салмақта Лондон Олимпиа­дасы­ның қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров пен Грузия үміті Жа­код Макарашвили І орын үшін белдесуге шыққан. Қазақ балуаны Ақжүрек жанкүйерлер үмітін ақтап, қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жұртты бір желпіндіріп тастады. Бұл салмақтағы ІІІ орындарды біздің Жігер Зәкіров, грузиялық Тогжи Барамидзе қанағат тұтты.

Финалдық бәсекеге бұдан кейін 84, 96 және 120 кг. салмақ дәрежесінде күресіп жүрген балуандар шықты. Сөйтіп, 84 кг. салмақтың үздігі грузиялық балуан Дато Марасагишвили атанды. Қазақ балуаны Ислам Әзизов ІІ орынды иеленді. Қазақстан мен Канада балуандары ІІІ орынға көтерілді.

Грузия балуандары 96 кг. салмақта да мықты екендіктерін дәлелдеп, Омар Гусошвили І орын­­­­ға ие болды. ІІ орынды қазақстандық Әлихан Жұмабаев алды. ІІІ орындарды өзіміздің Ермұхамбет Іңкәр мен Жұмағали Мамутов бөлісті. Ал 120 кг. салмақта Дәулет Шабанбай І орын алса, ІІ орынға тағы да қазақ балуаны Ержан Дүйсенбеков көтерілді. ІІІ орындарды ресейлік Сергей Смертев пен беларусь балуаны Алексей Николаев қанағат тұтты.

Бұл турнирдің артықшылығы, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Мысалы, осы жарыс­та І орын алған балуандар тиісті алтын медальмен, дипломмен бірге 5000 АҚШ долларын алды. ІІ орын алған балуандарға 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді. Ал ІІІ орын алған балуандарға 1000 АҚШ доллары тапсырылды. Сондықтан жыл сайын өтіп тұратын бұл дәстүрлі жарыстан қалыс қалмау жағын осы бастан ойлана беру керек. Мысалы, биылғы турнирге 185 спортшы қатысты.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

Бөлісу:
Атан жілік, ай мүйіз балуандар бәсекесі аяқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар