Коронавирус
1 мин оқу 243

Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары сақталады

<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрі&nbsp;Алексей Цой індеттің таралуына жол бермеу мақсатында&nbsp;кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күндеріндегі локдаундар сақталатынын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"Аурудың таралуын болдырмау және оң динамиканы сақтау мақсатында кейбір шектеу іс-шаралары мен демалыс күндері локдаундар сақталады. Қазіргі уақытта КВИ бойынша тұрақты эпидемиялық жағдайға қол жеткіздік. Қатаң шектеу шараларының арқасында 5 шілдеден бері ауруханаларда төсек орындардың жүктемесі 6 есе, жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 6,6 есе азайса, коронавирус инфекциясы бойынша жедел жәрдем шақыру жағдайы 5,5 есе төмендеді. Емханалар үйінде қызмет көрсету тәртібіне көшіп кетті", деді Алексей Цой.

9 қыркүйектегi жағдай бойынша жалпы 106 498 адам коронавирус жұқтырды. Соңғы тәулікте COVID-19 оң нәтижесімен 73 адам тіркелді. 4810 ем алып жатыр, 100 042 адам (94%) ауруханадан шығарылды. 1646 адам қайтыс болды. Республикада ПТР теріс нәтижесі бар КВИ-дың 28 228 жағдайы тіркелді.

Бөлісу:
Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары сақталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар