Сенатор Қызылорда облысының медициналық мекемелеріне барды
<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова мен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына сапарлап барды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Сапар Жалағаш ауданында басталды. Қонақтар Жалағаш аудандық ауруханасының құрылыс барысымен танысты.
Қармақшы ауданы Төретам кентінде А. Әлназарова мен А. Ғиният № 80 орта мектепте болды. Оқу орнының ғимаратында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар, сондай-ақ, жергілікті ауруханада болды. Емдеу мекемесінің жұмысы туралы Байқоңыр қаласындағы көпсалалы аурухананың бас дәрігері айтып берді.
Сапар Байқоңырда жалғасты, онда қонақтар № 272 орта мектептің жөндеу жұмыстарымен танысып, қалалық көпсалалы ауруханада болды. Медицина мекемесінің ұжымымен кездесуде сенатор мен денсаулық сақтау вице-министрі мамандардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.
А.Әлназарова мен А. Ғиният Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының, Ұлттық сараптама орталығының филиалының, облыстық көпсалалы аурухананың және № 3 қалалық емхананың жұмысы туралы айтып берді.