Аймақтар
1 мин оқу 470

Сұлутөрдің «Достық шыңы»

<p style="text-align: justify;">Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбай&shy;ұлының 175 жылдығына және Конституцияның 25 жылдығына орай Жамбыл облысы, Жам&shy;был аудандық &laquo;Жастар ресурстық орта&shy;лығы&raquo; мен &laquo;Геккон&raquo; спорттық-туристік клубы &laquo;Дос&shy;тық шыңы&raquo; деген атаумен альпиниада ұйымдастырды.</p>

Сұлутөрдің «Достық шыңы»

Мұндағы мақсат – киелі Әулиеата өңірінің туризм саласын дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және достық қарым-қатынасты нығайту. Аталған іс-шараға жамбылдық еріктілер қатысты. Олар Т.Рысқұлов ауданының аумағында орналасқан Батыс Тянь-Шаньның Қырғыз тау қыратында болып, биіктігі 3817 метр­ге жететін Сұлутөр шыңын бағындырды. Сөйтіп Сұлутөр маңындағы шыңдарға еліміздегі ұлтаралық достықты нығайту үшін «Достық шыңы» атауын берді.

Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталы­ғының» директоры Маханбет Рахымжановтың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастар арасындағы достықты нығайтып, еліміздің тарихи құндылық­тарын насихаттауда ерекше рөл атқарады. Альпи­ниаданың соңында «Достық шыңын» бағындырған бірқатар жастарға сертификат табысталды.

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Сұлутөрдің «Достық шыңы» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар