Елбасы
2 мин оқу 310

Елбасы резиденциясының есігі ашық

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті &ndash; Елбасы Н. Назарбаевтың бірінші резиденциясы ғимаратында орналасқан Елбасы кітапханасы 3 қыр&shy;күйектен бастап келушілерге есі&shy;гін ашты. Мұнда тақырыптық экс&shy;курсиялар 10 адамнан аспайтын топ&shy;тарға алдын ала жазылу арқылы тегін көрсетіледі. Яғни кітапхана карантин кезінде қалыптасқан талаптарды сақтай отырып, көпшілікпен байланыстың жаңа форматына көшті.</p>

Елбасы резиденциясының есігі ашық

«Төтенше жағдай кезінде де Елбасы кітапханасы өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Барлық іс-шаралар виртуалды түрде атқа­рылды. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік рәміздер және Халықаралық мұражайлар күнін, сон­дай-ақ Халықаралық ядролық сынақтарға қар­сылық шарасы, Қазақстандағы Прези­денттік институттың 30 жылдығы, т.б. қатарлы айтулы оқиғаларды атап өттік. Бұның бар­лы­ғы кітапхананың ресми сайтындағы «Бейне галерея» арқылы көпшілікке таныстырылды. Бейнекөрмелер әртүрлі форматта өткізіледі: тақырыптық экспозициялардың бейнетурлар; бейнероликтер; презентация түрінде дәстүрлі электронды формат және алғаш рет «бір жәдігер» идеясы іске асты», дейді Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов мырза.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамб­­леясының 25 жылдығына арналған «Ұлт­тар мәдениетін ұлықтаған мекен», Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Қазақ­стан жауынгерлері Сталинград түбіндегі шай­қаста» атты көрмелер көпшілік­ке ұсынылып, күміс бұйымдар топтастырыл­ған «Күмістің мәңгілік сәулесі» және «Пішін мен суреттің үн­дес­тігі» атты табақтар топ­та­ма­­сының көр­месі де сәтті көрсетіліп, «Болашақ санасы», «Қазақ­стандағы олимпиа­да қозғалысы» т.б. бей­не­көрмелер де көптің көңілінен шығыпты.

Бұлардан басқа Елбасы Н.Назарбаевтың идеялары мен бастамаларына негізделген «Н.Назарбаев – Еуразиялық интеграцияның сәулетшіcі», «Елбасының асқақ арманы», сондай-ақ Тұңғыш Президенттің қоғам­­дық наградалар жинағының көрмесі, кітап­­ханасының көшпелі кешен көрме жобасы­ның материалдары бойынша «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көрме ұйым­дас­тырылыпты.

Биыл ел көлемінде атап өткен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай кітапханада «Абай мұрасы – тәрбиенің қайнар көзі» бейнекөрмесі дайындалып, Ядролық сынақтарға қарсы күрестің халық­аралық күніне орай «Н.Назарбаев – жаһан­дық антиядролық қозғалыстың көшбас­шысы» экспозициясы атты бейнетур ұйым­дастырылған екен.

Заман талабына сай Елбасы кітапханасы­ның ғылыми және білім беру қызметі де виртуалды кеңістікке көшіп, вебинарлар, марафон сабақтары, бейнедәрістер, дөңге­лек үстелдер, онлайн-конференциялар өткізу­мен қатар, «Абай оқулары» эстафетасы, «Елін сүйген Елбасы» мұражай сабағы, мұға­лімдердің республикалық шығармашылық байқауы, балабақша тәрбиеленушілері суреттерінің «Атамекен» онлайн байқауы, сонымен қатар әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған елорда мектептері арасында «Ұлы даланың ұлы тұлғасы» онлайн байқауы жоғары деңгейде атқарылған екен.

Сонымен бірге Елбасы кітапханасы өзінің сайты арқылы оқырмандарға онлайн-кітапхана қызметін тегін пайдалануға мүмкін­дік беріп отырғаны қуантарлық. Бұн­дағы кітап қорында электронды форматта үш мыңнан астам басылым бар екен. Бұның сыртында, кітапхана сайтында қазақ халқының көрнекті тарихи тұлғаларына, сондай-ақ мемлекеттің дамуына үлес қосып жүрген қайраткерлерге арналған «Мәңгілік ел алыптары», «Ұлы дала тарландары», «Ұлттық код» т.б. рубрикалар ашылыпты. Жалпы алғанда, Елбасы кітапханасына онлайн-қатынасушылар саны 10 мыңның үстіне шығыпты.

Бөлісу:
Елбасы резиденциясының есігі ашық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар