Коронавирус
3 мин оқу 172

Екінші толқынға әзірлік басты назарда

<p style="text-align: justify;">Жетісуда жұқпалы індетке жаңадан шалдығушылар саны азайды. Ел ішіндегі эпидемиялық жағдайдың оңалғанын ауруханаға жатып емделушілер үлесінің күрт кемігенінен байқауға болады. Қазір облыстағы стационарлардың жүктемесі едәуір төмендеп отыр.</p>

Екінші толқынға әзірлік басты назарда

Нәтижесінде инфекция­лық бөлімдегі орын саны 520 төсектен 250 төсекке дейін, ал провизорлық төсек саны 3560 орыннан 1407 орынға дейін қысқарды. Соңғы мәлімет бо­йынша аймақта 645 адам стационарда емделіп жатыр. Оның 55-і инфекциялық бө­лімдерде жатқан болса, 590 науқас провизорлық бө­лімдегі дәрігерлердің бақы­лауында. Жалпы, жұқпалы аурулар стационарының облыс бойын­ша жүктемесі 22 пайызды құ­райды.

Әрине, аймақтағы ко­ро­навирус індетін жұқтыру­шылар санының азаюы мен өкпе қабынуының бә­сеңдеуі қуанарлық жағ­дай. Алайда індетпен кү­рес жұмысына сал­ғырт қа­рауға болмайды. Қазір бар­лық мүмкіндік індеттің қай­талануынан туындайтын қатердің алдын алуға ба­ғыт­талуда. Осы мақсатта ме­ди­цина меке­ме­лері­нің ма­­те­риал­дық-техни­калық ба­­за­сын нығайтуға және ко­ро­навирустың екінші тол­қы­нымен күресу үшін об­лыстық бюджеттен 6,6 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржының қомақты бөлігі компьютерлік томо­граф, пуль­соксиметр, вибро­акус­тикалық аппарат, рентген аппараты, өкпені жасанды жолмен желдету аппараты, ауа концентраторлары сияқты құрал-жабдықтар сатып алға жұмсалуда. Со­нымен қатар дертті емдеумен айналысатын емханалар мен ауруханалардың аумағына кислород стансалары қойылуда. Тұрғындарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің сапасын арттыру үшін қосымша 140 жедел жәрдем көлігіне тапсырыс берілген. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 8 ПТР зертханасының ауқымын 3500 адамды қабылдауға дейін ұл­ғайту көзделген. Қа­зір бұл ор­та­лықтар күніне 1500 адамға де­йін қызмет көрсете алады екен.

– Коронавирустың екін­ші толқынына дайындық қы­зу жүріп жатыр. Аймақ­тың инфекциялық және про­визорлық стационарларында 250 мыңнан астам қызу түсіретін, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктер бар. Жергілікті бюджеттен дәрілік заттар резер­він қа­лыптастыру үшін 550 млн теңге бөлінді. Бүгінде меди­циналық ұйымдар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Карантин кезінде науқастарды емдеу­ге 3 455 медицина қыз­мет­кері, оның ішінде 851 дә­рі­гер жұмылдырылған бо­латын. Со­нымен қа­тар ме­ди­циналық оқу орында­ры­­ның 45 түлегі мен 281 мед­колледж бітіруші де біз­дің қатарымыздан та­был­ды. Зейнетке шыққан дә­рі­герлер де науқастарға кон­­суль­тациялық көмек көр­сетті. Осындай жұмыла жұ­мыс істеудің нәтижесінде ін­дет­тің алғашқы кезеңіне той­тарыс бердік. Қазір облыста 165 жедел жәрдем бри­гадасы жұмыс істейді. Шақыру бойынша үйде амбу­­латориялық көмек көр­се­ту үшін 391 мобильді бри­гада құрылды. Тағы да 100 жедел жәрдем көлігі са­тып алынады. «Жаман айт­пай, жақсы жоқ» деген, Же­тісу дәрігерлері болуы ықти­мал індет қаупіне төтеп бе­реді деген сенім бар, дейді об­лыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков.

Айтпақшы, денсаулық сақ­тау саласын цифр­ландыру ба­ғытында да біраз іс ат­қа­­­рыл­ған. Жалпы, меди­ци­на­­­лық құжаттаманы қа­ғаз­­сыз жүргізуге 53 меди­ци­на­л­ық мекеме қосылып, элек­трон­­­ды форматқа 224 нысан көші­рілген екен. Оның ішінде тұрғын­дардың 98,1 па­­йызында элек­тронды ден­сау­лық паспор­ты бар. Яғни 1 997 750 адамның нау­қас та­рихын цифрлы жү­йе ар­қы­­лы зерделеуге мүм­кін­дік бар. Ал облыстық, қа­ла­лық және аудандық дең­гей­дегі ауруханалардың интер­нетке қосылуы 100 па­йызға жетсе, шалғай елді ме­кендерді ғаламтормен қам­ту 84 пайыз­дың шамасында.

Алматы облысы

Бөлісу:
Екінші толқынға әзірлік басты назарда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар