Аймақтар
1 мин оқу 220

Денсаулық сақтау әлеуетімен танысты

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының депутаты Ақ&shy;марал Әлназарова мен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына сапармен келді.</p>

Денсаулық сақтау әлеуетімен танысты

Сенатор мен вице-министр алдымен Жал­ағаш аудандық ауруханасы құрылысымен, аудандық емхана жұмысымен танысты. Аудан­дағы 33 мыңнан астам тұрғынға орталық ауруха­на, аудандық емхана, 12 дәрігерлік амбу­латория, 2 фельдшерлік-акушерлік, 3 меди­ци­налық бекет қызмет көрсетеді. Мұнда коронавирус індетіне қарсы күреске 182 медицина қызметкері жұмылдырылып, оларға 65,6 млн теңге үстемеақы төленген. Аудан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 113 жағдай тіркелген, олардың 111-і жазылып шықты.

Сапар аясында Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі №80, Байқоңыр қа­ласындағы №272 орта мектептерінде жүр­гізіліп жатқан жөн­деу жұмыстарын көр­ді. Байқоңыр қаласын­дағы көпбейінді ауруханада медицина қыз­мет­керлерімен кездесіп, мамандардың ұсы­ныс-пікірлерін тыңдады. Келесі күні сапар облыстық жұқ­палы аурулар ауруханасында жалғасты. Аурухана 185 төсектік орынға ар­нал­ған. Эпидемиялық ахуалға байланысты қо­сым­ша 170 инфекциялық, 90 провизорлық орын жасақталған.

Осыдан кейін Ұлттық сараптама ор­талығы, облыстық көпбейінді аурухана мен №3 қала­лық емхана жұмысымен танысқан меймандар облыстық мекемелер үйінде дәрігерлермен бас­қосу өткізіп, індеттің екінші толқынына дайындық барысын талқылады.

1

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Денсаулық сақтау әлеуетімен танысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар