Аймақтар
2 мин оқу 145

Алматыда жаңа жедел жәрдем көліктері көбейді

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Алматының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерімен және түрлі керекті жабдықтармен толығып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда жаңа жедел жәрдем көліктері көбейді

Бұған дейін қалаға ӨЖЖ аппараттары, пульсоксиметрлер және оттегі концентраторлары бар гуманитарлық жүк келген болатын.

Бұл көмек "Самұрық-Қазына" АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында көрсетілді. "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы қайырымдылығының бірыңғай операторы – "Samruk-Kazyna Trust" Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды өңірлерге жіберді.

Осылай Алматыға 5 өкпені жасанды желдету аппараты (ӨЖЖ), 10 оттегі концентраторы, 80 пульсоксиметр жеткізілді. Сондай-ақ, облысқа Shevrolet Damas маркалы 4 жедел жәрдем көлігі келді.

"Біз "Самұрық-Қазына" компаниялар тобына көрсеткен көмегі үшін ризамыз. Отандық медицина алғаш рет осындай үлкен қауіппен бетпе-бет келді. тап болды. Елімізде коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрғандарды қолдауға дайын көптеген азаматтардың бар екеніне өте қуаныштымыз. Біздің ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да жалғаса береді және ортақ күш-жігермен біз жақын арада қалыпты өмірге орала аламыз деп үміттенеміз", – дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров.

Айта кетейік, мұндай жиынтықтарды әрбір облыс, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар алады.

"Бұл шаралардың барлығы біздің медицинамыздың жұқпалы аурулармен, соның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциямен күресуге дайындық деңгейін арттыруға және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға бағытталған", – дейді "Samruk-Kazyna Trust" Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Және Меморандум аясында республика бойынша Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруға 100 жедел жәрдем көлігі, 1 000 оттегі концентраторы, 50 ӨЖЖ аппараты, 1 000 пульсоксиметр жеткізілетін болады.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Алматыда жаңа жедел жәрдем көліктері көбейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар