Жаңалықтар
1 мин оқу 344

Көңіл хошын көтерген күн

Алтын күздің қоңыр салқын лебі есіп, табиғат-ана тұнып тұрған осынау сәтінде жер жәннаты Жетісуда қалыптасқан игі дәстүрдің бірі – қалалар мен аудандардың мәдени күндерін елге ыңғайлы өңірлерде өткізу.

Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру атты тапсырмасы аясында биыл да «Қазақстан әлемге ашса есігін, ауылың болар алтын ұя бесігің» атты мәдени шара өз мәресіне жетті. Оны Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов ашып, құттықтау сөз сөйлеп, бас жүлдеге тігілген 13 орындық «УАЗ» автокөлігінің кілті мен мақтау қағазын Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаевқа тапсырды.

Мерекелік шараны «Үшқоңыр» атты әнді нақы­шына келтіре әуелете бастаған өнерпаздар 6 ұлттың билерін мың бұрала билеп, табиғаттың тамаша көріністерін сахна төрінен көрсете, көрермендерінің көңіл хошын көтерген гала-концертпен жалғастырды.

Нұрбол Әлдібаев,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

Бөлісу:
Көңіл хошын көтерген күн · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар