Әлем
1 мин оқу 260

Иранда парламент сайлауының екінші кезеңі басталды

<p style="text-align: justify;">Иранда Парламент Мәжілісі сайлауының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ISNA агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Учаскелердегі дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де басталды. Дауыс беру 10 сағатқа созылады. Қажет болған жағдайда ол бір немесе екі сағатқа ұзартылуы мүмкін. Қорытынды бойынша 290 депутаттың қалған 11-нің аты-жөні анықталуы тиіс.

Еске сала кетейік, 21 ақпанда Иранда Мәжіліс сайлауы өтті. Парламентке өткен кандидаттардың есімдері дауыс беру аяқталғаннан кейін бірнеше күн ішінде жарияланды. Сәуір айында 208 сайлау округінің 10-ында екінші тур өтуі керек еді, алайда пандемияға байланысты ол 11 қыркүйекке ауыстырылған болатын.

Бөлісу:
Иранда парламент сайлауының екінші кезеңі басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар