Елорда
1 мин оқу 400
Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді
<p style="text-align: justify;">Жексенбіде Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
CTS компаниясының мәліметіне сәйкес, жексенбі күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Ал сенбі күні қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 23:00-ге дейін жалғасады.
Дүйсенбіден бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар желіге қайта шығады.
Айта кетейік, жолаушылар қоғамдық көлікке маска тағып кіруге міндетті. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.
Бөлісу: