Тағайындау
2 мин оқу 684

Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен&nbsp;Юрий Викторович Ильин Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

"Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын", делінген хабарламада.

Сондай-ақ ол Мемлекет Басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Ильин Юрий Викторович 1968 жылғы 9 сәуірде РКФСР Куйбышев қаласында туған. Білімі жоғары, 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі – шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясы – заңгер. "Құрмет" орденімен (2013 жылы), 8 мерейтой медалімен марапатталған.

1985 жылдың тамыз айынан бастап И.С. Қонев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты;

1989 жылдың тамыз айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 73-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;

1990 жылдың маусым айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 1-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;

1992 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстарының оқытушысы;

1993 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстары бастығының орынбасары;

1996 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы оқыту даярлау орталығының аға офицері;

1998 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы;

1999 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары;

2005 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқарма бастығының міндетін атқарушы;

2012 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы; 2013 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары;

2015 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

Бөлісу:
Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар